«Тағы аңның өлексесін 2019 жылдың 3 ақпаны күні жергілікті тұрғындар тауып алған. Оның қалай өлгені әзірге белгісіз. Ал денесінде азаптау белгілері жоқ», - делінген хабарламада.
Қазір оқиға орнында Хабаровск өлкесі Табиғат ресурстары министрлігі Аң шаруашылығы комитетінің және ІІМ Хабаровск өлкесі бойынша басқармасының мамандары жұмыс істеп жатыр.
Жыртқыштың неден өлгенін анықтау үшін «Амур жолбарысы орталығы» коммерциялық емес ұйымына жіберіледі.