Оқиғаға ұшақ бортындағы мас жолаушының әрекеті себеп болды, деп хабарлайды «РИА «Новости» «Росаэронавигация» қызметіне сілтеме жасап.
Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Мюнхен-Токио бағытында ұшып бара жатқан және бортында 304 жолаушы болған А-340 лайнері жолаушының бұзақылық әрекетінен мәскеу уақыты бойынша сағат 03.22-де Хабаровскіге жоспардан тыс қонуға мәжбүр болған». Дерек көздің айтуынша, бір сағаттан астам уақыттан кейін, мәскеу уақыты бойынша 04.40-та ұшақ әрі қарай Токиоға ұшып шықты».
Дерек көз, Жапония елордасына барлық жолаушылардың, оның ішінде «аялдама» жасауға себеп болған жолаушының да, ұшып шыққанын атап көрсетті.