Хабибулин Әзербайжандағы ITF жарысы жұптық разрядының ақтық кезеңіне өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин Өзбекстан өкілі Санжар Файзиевпен жұпта жұма күні Әзербайжанда ITF топтамасы жарысының жүлде қоры 10 мың долларды құраған жұптық разрядының ақтық кезеңіне өтті.

Жартылай финалда Хабибулин/Файзиев жұбы жарыстың үшінші дуэті, ресейлік Александр Игошин мен Евгений Карловскийді 4:6, 6:4, 10:3 есебімен ұтты. Финалда қазақстандық-өзбек жұбы жарыстың төртінші дуэті, жартылай финалда жарыстың бірінші жұбы - ресейлік Маркос Каловелонис пен Антон Зайцевті 6:4, 6:2 есебімен ұтқан Микелис Либитис (Латвия)/Бен Маклахлан (Жаңа Зеландия) жұбымен кездеседі.

ITF топтамасындағы жарыстардың ерлер туры Халықаралық теннис қауымдастығының тікелей қамқорлығында, деп жазады sports.kz.