Хабибулин ITF топтамасы жарысындағы жеке сында 2-ші айналымға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин дүйсенбіде Үндістандағы жүлде қоры 10 мың долларды құрайтын ITF топтамасы жарысындағы жеке бәсеке сынында 2-ші айналымға шықты.

Бірінші айналымда Хабибулин Үндістан спортшысы Абхинав Шанмугамды 6:2, 6:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды sports.kz. Екінші айналымда қазақстандықтың қарсыласы жеке разрядтағы алтыншы ракетка, ресейлік Маркос Каловелонис пен үнділік Кунал Анандтың арасындағы кездесудің жеңімпазы болмақ.