Хадия, Дария, Жәния: Қызылордада биыл алғашқы үшем дүниеге келді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында 2026 жылдың алғашқы үшемi дүниеге келді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

27 наурыз күні жүктіліктің 32 аптасында өмiрге келген сәбилерге Хадия, Дария және Жәния есімі берілді.

Фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

— 1210, 1470 және 980 грамм болып туылған шақалақтар екі ай бойы ана мен бала орталығының жоғары тәуелділіктегі нәрестелерге арналған арнайы күтім бөлімшесінде ем қабылдап, дәрігерлердің үздіксіз бақылауында болды. Мамандардың білікті көмегі мен медициналық күтімiнің нәтижесінде сәбилердің жағдайы тұрақталып, салмағы 2390, 3390 және 2060 грамға жеттi, — делінген хабарламада. 

Фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Сәбилердің анасы — 32 жастағы Мөлдір Бекбаулы, әкесі — 34 жастағы Берікбол Нұрсұлтан. Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылында тұратын Баймановтар отбасында бұған дейін де екі бала бар. 

Ал жуырда Түркістан облысында тағы да үшем дүниеге келді. Сәбилерге ата-анасы Фатима, Зухра және Хасан есімдерін берді.