Хакан Фидан Мемлекет басшысына Президент Ердоғанның сәлемін жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Мемлекет басшысына Президент Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Түркия тарапы ортақ күш-жігердің нәтижесінде екі елдің өзара ынтымақтастығын, сондай-ақ аймақтық және халықаралық аренадағы әлеуетін бұдан да жоғары деңгейге жеткізуге ниетті екенін айтты.

Сонымен қатар Түркияның Сыртқы істер министрі Президент Режеп Тайип Ердоғанның биыл қараша айында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында өзара стратегиялық қарым-қатынас мәселелерін кеңінен талқылауды жоспарлап отырғанын жеткізді.