Хакасияда тасыған өзен суы теміржол көпірін шайып әкетті

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Хакасияда таңертең ерте Абакан өзені арқылы өтетін апатты теміржол көпірінің орнына салынып жатқан уақытша көпірді тасыған өзен суы шайып әкетті.

Бұл туралы республика үкіметінің ақпаратына сілтема жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлаған.

Көпірді құрастыру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Көпірді қалпына келтіру жұмыстары су деңгейі азайған соң басталады. Мамандардың айтуынша, адам өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.