Хакерлер АҚШ-тың федералды соттарының сайтын бұзып кірді

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Хакерлер АҚШ-тың федералды соттарының сайттарына, сонымен бірге, Электронды сот құжаттарына қоғамдық жүйесіне, электронды арыз беру жүйесіне шабуыл жасады.

Кибершабуылдардың кесірінен бұл сайттар бірнеше уақыт бойы жұмыс істемеді. Салдарынан арыз беру мен сот құжаттарын жариялау процестері бұзылды. АҚШ-тың Соттарды әкімшілік басқару өкілдері осы жағдайға байланысты тергеу басталғанын жариялады. Аталған кибершабуылды хакерлік топтардың ешқайсысы өз мойынына алмай отыр.