Олар бұған дейін АҚШ Конгресі Сенатының сайтына да шабуыл жасаған болатын, деп хабарлайды РЬК агенттігі.
"Барлау басқармасының ресми өкілі Мэри Харф, компьютер бұзақыларының құпия ақпарат жоқ жалпыға ортақ сайтқа шабуыл жасағанын хабарлады. Оның айтуынша, хакерлердің бұл әрекеті Орталық барлау басқармасының қызметіне әсерін тигізген жоқ", - деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Өздерін Lulz Security деп атаған хакерлер тобы 12 маусымда АҚШ Сенаты сайтына бұзып кіргендерін мәлім еткен еді.
«Сәлем, достар! Біз АҚШ Үкіметін аса жақсы көре қоймаймыз. Олардың кемелері әлсіз, әзілдері онша емес, ал сайттары сенімсіз», - делінген әлгі топтың мәлімдемесінде. Және олар американ сенатының сайтынан ұрланған файлдардың тізімін қоса жариялаған.
Айта кету керек, бұл Lulz Security тобының бірінші акциясы емес. Бұған дейін олар, WikiLeaks туралы өздеріне ұнамаған фильмге наразылық ретінде, сол фильмді көрсеткен Public Broadcasting Service (PBS) телекомпаниясының сайтын бұзған еді.