Дерек қорының ішінде қаржы операцияларының жүз мыңдаған жазбалары, соның ішінде төлем карталары, PIN-кодтар, клиенттер транзакцияларының тізбелері кеткен.
Құжаттардың бір бөлігінде француздық және поляк барлау агенттерінің мәліметтері - әлеуметтік желілердегі парақшалары, телефон нөмірлері, төлем карталарының нөмірлері және отбасы мүшелерінің есімдері берілген. 30 аккаунттан келген 1 200 жазба катарлық «Әл-Жазира» телекомпаниясы журналистері туралы толыққанды мәліметтер береді.
Заңбұзушылыққа барғандардың аты-жөндері мен қылмысқа бару себептер белгісіз. Катар Ұлттық банкі тергеу жұмыстарын бастағанын хабарлады. Банктің ресми мәлімдемесінде ақпараттардың ұрлануы банк клиенттерінің қаражатына әсер етпейтіні жазылған.