Хакерлер Палестинада телефон желісін үзді

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Батыс жағалау мен Газа секторында хакерлердің шабуылы салдарынан телефон желісі үзілген, деп жазды BNews.kz порталы.

Палестина автономиясы билік өкілдеріне сілтеме жасап, ВВС-дің орыс қызметі хабарлағандай, хакерлік шабуыл Палестина аумағының көптеген бөлігінде интернетті істен шығарды.

Автономия үкіметінің өкілі Гассан Гаттибтің айтуынша, хакерлік шабуыл күннің бірінші жартысында түрлі елдердегі компьютерлерді істен шығарудан басталған.