Шабуыл салдарынан сайт әкiмшiлiгіне Михаил Саакашвилидің бетін бiрнеше сағатқа бұғаттауына тура келді, деп хабарлайды Yтро.ru.
«Бұған дейiн Facebook желiсiнде Саакашвилидің атында көптеген сайттар болды. Алайда олардың біріне де шабуыл жасалған емес. Михаил Саакашвилидің Facebook-тегі жеке бетінің қайсысы ресми болып табылатыны кеше ғана белгілі болды», - деді Грузия Президенті әкiмшiлiгi басшысының орынбасары Ирма Надирашвили.
Шабуылды көптеген зарарлы компьютерлер арқылы бірнеше хакер жасағандығы болжануда: бетті бұғаттаудың себебі Михаил Саакашвилидің бетіне Facebook-тің мыңдаған қолданушысынан бір мезгілде шағым түсіру болған.