Хакерлер Саркозидің Facebook бетінде «оның атынан» екінші мерзімге сайлануға қарсы екенін айтып мәлімдеме жасады

None
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Франция Президенті Николя Саркозидің Facebook әлеуметтік желісіндегі бетіне хакерлер шабуыл жасап, онда Мемлекет басшысының 2012 жылы сайлауға түспейтіні жөнінде хабарлама енгізген, - деп хабарлайды РБК Europe1 радиостанциясына сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар, күллі әлемге белгілі ерекше жағдайға байланысты, мен 2012 жылы президент орынтағына қайта сайлануға өзімді үміткер ретінде ұсынбауды жөн деп шештім», -делінген интернет-шабуылшылардың хабарламасында.

Сонымен қатар, онда жаңадан құрылған Facebook тобына шақыру да орналастырылған. Оның қатысушыларына 2012 жылдың 6 мамырында Н.Саркозидің орнынан кетуіне байланысты фуршетке қатысу да ұсынылады.