Mashable басылымының жазуына қарағанда, қаскөйлер CNN International және CNN Politics парақшаларын бұзған. Хакерлер телеарна парақшаларында өздерінің логотиптерін және дәстүрлі жазбасын қалдырып кеткен. Хабарламада: «Сәлем, бұл OurMine. Біз сіздің қорғанысыңызды тексердік. Ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз», - делінген. Жарты сағаттан соң Фейсбук әкімшілігі CNN қызметкерлеріне өз аккаунтарына кіру мүмкіндігін қайта қалпына келтіріп, хакерлер қалдырған жазбаны өшіріп тастады. Хакерлер ұйымының мүшелігінде Сауд Арабиясының 3 мектеп оқушысы да бар көрінеді.
Фото: © "РИА Новости"