Хакерлер танысу сайтының 20 млн. пайдаланушысының жеке мәліметтерін ұрлаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз хакерлер танысуға арналған сайттың 20 млн. пайдаланушысының тіркелген атаулары мен парольдерін - жеке мәліметтерін ұрлаған.

Bloomberg агенттігінің деректеріне сүйенсек, зардап шеккендердің жартысына жуығы Ресейдің, 40 пайызы Еуроодақ елдерінің тұрғындары.

Bloomberg атап өткендей, кибер қылмыскерлер ұрланған ақпаратты арнайы интернет-сайтқа сатуға қойған. Оны сатып алғандар, мысалы, жәбірленушінің банктік есепшотына қолжетімділікті алуға әрекет жасай алады.

Қай танысу сайты хакерлік шабуыл құрбаны болғаны әзірге белгісіз.