Сарапшылардың айтуынша, егер хакерлердің мәлімдемесі расталса, бұл әлемде ең үлкен жеке мәліметтердің жариялануы болмақ.
Олар жеке мәліметтердің жариялануы Түркия тұрғындарының қауіпсіздігіне залал келтіреді деп санайды.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Түркия тұрғындарының саны - 77,6 млн.
Құпия ақпараттың өзгелердің қолына қалай түскені беймәлім.
Болжам бойынша, хакерлер шабуылының мақсаты - Түркияның элитасы мен ел президенті Режеп Тайып Эрдоған болуы мүмкін.
Ассошиэйтед Пресс агенттігі хабарлауынша, 10 түрік азаматының сәйкестендіру нөмірін тексергенде, оның сегізі дұрыс мәлімет болғандығы анықталды.