Бұл қадам халал өнімдер саудасын оңтайландыруға әрі қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Комитет мәліметі бойынша, Еуропа елдеріндегі халал өнімдер нарығы 70 млрд. еуроны құрайды.
Muslim.kz сайтының жазуынша, сонымен қатар, аталмыш комитет малды шариғатқа сай союдың бірыңғай талаптарын енгізуге әрі халал өнімдерге пайдаланылатын қоспалардың шегін белгілеуге белсене кіріспек.
Ауқымды жұмыстың жүзеге асырылу жоспары екі жыл уақытқа есептелінген.
Осы мәселе бойынша Еуропадағы 28 елдің өкілдері қыркүйектің 23-і күні бас қосады.