Халид Машаль ХАМАС басшысы болды
11:19, 18 Қазан 2024
АСТАНА. КAZINFORM – Палестиналық ХАМАС қозғалысының шетелдік өкілдігінің басшысы Халид Машаль енді ұйымға басшылық етеді, деп хабарлады Trend Ливандық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, бұл Израиль армиясы ХАМАС саяси бюросының басшысы Яхья Синварды өлтіргеннен кейін болған оқиға.
Хабарларға қарағанда, Халид Машаль қозғалыстың уақытша басшысы қызметін атқарып, қазір кепілге алынғандарды босату жөніндегі келіссөздерге қатысқан негізгі тараптармен барлық байланыстарға жауапты.
Айта кетейік, бұған дейін ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвар мерт болғаны туралы жазған едік. Израиль шенеуніктері мен ЦАХАЛ ХАМАС көшбасшысының көзі жойылғаны туралы ақпаратты растады.
АҚШ Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісім 90% дайын екенін айтты.