Бақир Яхияұлы бар ғұмырын музыка өнеріне арнап, отандық композиторлық мектептің дамуына елеулі үлес қосты. Қазақтың музыкалық мұрасын, Шығыс халықтарының әуен-сазын еуропалық академиялық музыка дәстүрімен шебер ұштастырған туындылары еліміздің рухани қазынасын байытты.
Ұлағатты ұстаз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қырық жылдан астам еңбек етіп, бірнеше буын кәсіби музыкант тәрбиеледі. Ол шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, өнердің қадір-қасиетін ұғындырып, шығармашылық жолда бағыт-бағдар көрсетті.
Бақир Яхияұлының бай шығармашылық мұрасы, ұстаздық өнегесі мен жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады.