«Халық бухгалтері» акциясы: астаналықтардан 1,5 мыңнан астам сауал түсті

Фото: Gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін консультациялық қолдау көрсетуге бағытталған республикалық «Халық бухгалтері» акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акция басталғалы бері елорда тұрғындарынан бір жарым мыңнан астам сұрақ келіп түскен.

— Сұрақтар арнайы салық режимдеріне көшу, камералдық бақылау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты өзге де өзекті мәселелерді қамтиды. Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады, — делінген хабарламада.

Қаңтар-ақпан айларында консультациялар аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00–ден 13:00–ге дейін, ал наурыз айынан бастап аптасына екі рет өткізіледі.

Акция төмендегі мекенжайлар бойынша ұйымдастырылады:

• Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы — Сарайшық шағын ауданы, Жұбанов көшесі, 16;
• Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы — Мәңгілік Ел даңғылы, 63;
• Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы — Қабанбай батыр даңғылы, 33;
• Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы — М.Әуезов көшесі, 34;
• Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы — Ш. Айманов көшесі, 6.

Осыған дейін Үкімет «Халық бухгалтері» акциясының алғашқы нәтижелерін жариялады.