Халық құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне сене ме – зерттеу

Фото: Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық статистика бюросы халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейін зерттеген

Зерттеу 2024 жылдың сәуір-мамыр айларында республиканың барлық өңірінде қалалық және ауылдық жерлерде жүргізілген.

Зерттеу нәтижелері бойынша 64% сұралғандардың өздері тұратын ауданда өзін толық қауіпсіз сезінеді, 29,4% жеткілікті қауіпсіз, 5,4% қауіпсіз емес, 0,6% мүлдем қауіпсіз емес және 0,6% жауап беруге қиналған.

Респонденттердің жауаптарына сәйкес, қауіпсіздіктің негізгі себептері жарықтандырудың болмауы немесе жеткіліксіздігі – 26,7%, жалғыз шығудан қорқу – 19,1% және қауіпсіздіктің төмен деңгейі – 19,1% құрап отыр.

Әр құзырлы органға жеке тоқталсақ, зерттеу қорытындысы бойынша прокуратураға сенетін адамдардың үлесі 66%. Оның арасында ішінара сенетіндер- 24,1%, сенбейтін сияқтылар - 3,0%, сенбейтіндер - 2,3%. Жауап беруге қиналғандар үлесі 4,6% құрады.

Полиция органдарына сенетіндер үлесі 61,6%. Атап айтқанда, ішінара сенетіндер – 27%, керісінше сенбейтіндер – 4,4%, сенбейтіндер – 4,6%. Жауап беруге қиналғандар үлесі 2,5% құрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенетін респонденттер үлесі 50,9% құрады, ішінара сенетіндер – 28,7%, сенбейтін сияқты адамдар – 4,9%, сенбейтіндер – 4,1%. Жауап беруге қиналған респонденттер үлесі 11,4 % құрады.

Сот жүйесіне сенетіндер үлесін 61,8% құрады, ішінара сенетіндер – 25,9%, сенбейтін сияқты адамдар – 3,4%, сенбейтіндер – 2,9%. Жауап беруге қиналғандар үлесі 6% құрады.

Экономикалық тергеу қызметіне сенетіндер үлесі 47,8% қатысушы сенетін болып шықты. Арасында ішінара сенетіндер – 29%, сенбейтін сияқты адамдар – 5,2%, сенбейтіндер – 2,9%. Респонденттердің 15% жауап беруге қиналған.

Зерттеуге қатысқандардың 79,4% өртке қарсы қызметке сенеді екен. Тарқата кетсек, ішінара сенетіндер – 16,4%, сенбейтін сияқты адамдар – 0,9%, сенбейтіндер – 0,4%. Жауап беруге қиналған респонденттер үлесі 2,8% құрады.