«Халықаралық мархур күнін жариялау туралы қарардың демеушілері Ауғанстан, Венгрия, Израиль, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан», - деп хабарлады агенттік.
Бұл бірегей тіршілік иесінің өмір сүруіне ең үлкен қауіп - тіршілік ету ортасының жоғалуы, заңсыз аң аулау, оның ішінде браконьерлік және климаттың өзгеруі.
Шешімге сәйкес, 24 мамыр – Халықаралық мархур күнінде елдер мен ұйымдар осы маңызды бұрандамүйізділер түрін сақтауға бағытталған іс-шараларды өткізуі керек.
Мәлімет үшін, мархур (Capra falconeri) – халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген тау ешкісінің сирек түрі.
Тау ешкілер тұқымдасына жататын мархур атауы парсы тіліндегі мор - «жылан» және хур - «жеу» сөздерінен шыққан. Белгілі бір себептермен жергілікті тұрғындар мархурлар жыландарды аулап, оларды жейді деп сенген. Сондықтан жергілікті тұрғындар мархур еті жылан шаққан адамға ем болады деген. Әрине, бұл аңыздың ғылыми дәлелі жоқ, мархурлар тек шөп жейді. Олардың жылан жегенін ешкім көрмеген.
Мархурлар солтүстік және солтүстік-батыс Үндістанда, Иранның оңтүстік-шығысында және Ауғанстанда таралған. Өзбекстанның тастақ тауларында да кездеседі. Бұрандамүйізді мархорлар тік жартасты тау беткейлерін мекендейді.