Бұл ретте Израиль армиясы тамыз айында хабарлағандай, ад-Дейфтің көзі 13 шілдеде Газа секторындағы Хан-Юнис қаласына израиль тарапынан соққы беру кезінде жойылды.
Құжатта көрсетілгендей, Халықаралық қылмыстық сот Израиль тарапынан Рим мәртебесіне сәйкес берген қарсылығын мойындамау туралы екі шешімді бірауыздан қабылдады.
«Ол сондай-ақ Палестина аумағында жасалған әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін Нетаньяху мен Галантты қамауға алу туралы ордер берді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Kazinfom үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.
Бұған дейін АҚШ БҰҰ-ның Газада атысты тоқтату туралы қарарына вето қойғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Қарарды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес 10 мүшесі әзірлеген. Онда Газа секторында атысты жылдам тоқтату туралы айтылған. Қарарға АҚШ-ты қоспағанда Кеңестің қалған 14 мүшесі дауыс берді.