Халықаралық «Silk Way Star» байқауының 12 қатысушысы түгел Астанаға келді

Фото: Jibek Joly

АСТАНА. KAZINFORM — Астана халықаралық телевизиялық «Silk Way Star» мега-жобасының жұлдыздарын қарсы алды.

Елордаға байқауға қатысатын өнерпаздардың барлығы да келіп жетті. Алғашқылардың бірі болып Қытай елінің өкілі табан тіресе, бірнеше сағат бұрын Малайзиядан келген қатысушыны қарсы алу рәсімі өтті. Енді қатысушылар толық құрамда, ал үлкен шоуға дайындық қызу жүріп жатыр.

Фото: Jibek Joly

• Автандил Абесламидзе (Грузия)

Фото: Jibek Joly

• Чжан Хэ Сюань (Қытай)

Күн тәртібі минуттап белгіленген: кәсіби музыкалық бэндпен дайындықтар, сахналық киімдерді киіп көру, хореография мен вокалдық партияларды пысықтау. Ал ұйымдастырушылар құпияны сақтап отыр. Қатысушылар бір-бірінің репертуарымен таныс емес. Мұның барлығы өнерпаздардың сахнадағы алғашқы өнер көрсету сәтін нағыз сенсацияға айналдыру үшін жасалған.

Фото: Jibek Joly

• Фахриддин Хакимов (Тәжікстан)

Фото: Jibek Joly

• Сабина Заде (Әзербайжан)

Байқау барысында қазақ мәдениетіне де ерекше назар аударылмақ: өнерпаздар қазақ тіліндегі әндерді орындауға дайындалып жатыр. Бұл — еліміздің бай мұрасын құрметтеудің ғана емес, жобадағы ұлттық мәдениеттердің сан алуандығын көрсетудің де айқын белгісі.

Фото: Jibek Joly

• Тамга (Қырғызстан)

Күн жоспарының тығыздығына қарамастан, қатысушылардың көңіл-күйі көтеріңкі. Олар елорданың қонақжайлығын атап өтіп, бос уақыт табылса, Астананың көрікті жерлерімен танысуды жоспарлап отыр.

Фото: Jibek Joly

• Мишель Джозеф (Моңғолия)

Фото: Jibek Joly

• Саро Геворгян (Армения)

«Silk Way Star» байқауы әрбір қатысушы үшін жай ғана сахналық жарыс емес. Бұл — өзін әлемдік деңгейде танытуға, туған елін абыроймен таныстыруға берілген мүмкіндік. Алда ең қызу дайындық күндері тұр, сондықтан өнерпаздар жүз пайыз күш-жігерін жұмсап, көрерменге Ұлы Жібек жолының қайталанбас ерекше музыка өнерін паш етпек.

Фото: Jibek Joly

• Мадинабону Адылова (Өзбекстан)

Фото: Jibek Joly

• Язмин Азиз (Малайзия)

Фото: Jibek Joly

• «Kandis» тобы (Оңтүстік Корея)

Фото: Jibek Joly

• Довран Шаммыев (Түрікменстан)

Фото: Kazinform

• Alem (Қазақстан) 

Айта кетейік, халықаралық «Silk Way Star» байқауы Азияның бірнеше елдерінің телеарналарында көрсетіледі. Қазақстан атынан байқауға әнші Alem қатысады.