Тараптар көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Тұрақты даму, су қауіпсіздігі, азық-түлік қауіпсіздігі және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
М.Баймұхан тай тарапын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы хабардар етті. Аталған бастама су ресурстарын басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен үйлестіруді нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.
— Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Таиланд арасындағы қатынастардың дәйекті дамуын және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды растады. Қазақстан Елшісі Таиланд Сыртқы істер министрлігіне 2026 жылғы мамырда өткен Қазақстан–Таиланд бизнес-форумын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы, сондай-ақ БҰҰ АзТМЭӘК алаңындағы қазақстандық делегацияларға жәрдем көрсеткені үшін ризашылығын білдірді, — делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының астанасында өтіп жатқан One Water саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, су қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған шараларды бірлесіп қабылдауға шақырған болатын.