Венгрияның Дебрецен қаласында 15-21 қаңтар аралығында өтетін бокстан Иштван Бочкай атындағы турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Халықаралық турнирде негізінен жас былғары қолғап шеберлері ел намысын қорғайды. Олардың қатарында Асхат Жүсіпов (48 келі), Даниял Сәбит (51 келі), Кенже Мұратұлы (54 келі), Самат Жетібаев (54 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Жексен Бейбарыс (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Рахат Сейітжан (67 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі), Данияр Рахымбердиев (92 келі) пен Дамир Тойбай (92 келіден жоғары) бар.
Өткен жылы қазақстандық боксшылар аталған турнирден 9 медаль олжалап қайтты: 6 алтын, 3 қола. Осылайша жалпы есепте ел құрамасы бірінші орынға табан тіреді.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық боксшылар WBA рейтингінің үздік бестігі мен ТОП-10-дығына енді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.