ХВҚ-ның жаңартылған «Әлемдік экономиканың даму перспективалары» (World Economic Outlook) баяндамасына сәйкес, 2025 жылы дамушы нарықтары бар және дамып келе жатқан елдердің экономикасының өсімі 4,1 пайыз болады деп күтілуде. Бұл – сәуірдегі болжамнан 0,4 пайыздық тармаққа артық.
Дамыған елдер үшін де өсім болжамы 1,4 пайыздан 1,5 пайызға дейін қайта қаралды.
Атап айтқанда, АҚШ, Еуроаймақ, Жапония, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Үндістан, Бразилия, Мексика, Сауд Арабиясы және Нигерия сияқты елдердің экономикалық өсіміне қатысты болжамдар жақсартылды.
Құжатта атап өтілгендей, жылдық болжамның айтарлықтай қайта қаралып, жоғарылауына бірнеше факторлар әсер еткен. Атап айтқанда: импорттаушылардың кедендік баж салығының көтерілуіне дейін тауар жеткізілімін алдын ала арттыруы; АҚШ-тағы орташа тариф мөлшерлемелерінің сәуір айында жарияланған деңгейден төмен болуы; АҚШ долларының әлсіреуіне байланысты қаржылық жағдайдың жақсаруы; сондай-ақ бірқатар ірі мемлекетте салықтық ынталандыру шараларының кеңеюі.
Айта кетелік Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасының даму перспективаларын бағалаған еді.