Халықаралық іздеуде жүрген 32 жастағы маңғыстаулық Түркияда ұсталды

Түркия Республикасының аумағында Маңғыстау облысының Полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздеу жариялаған 32 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Polisia.kz.

Күдікті "Oceans Enterprise” компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топ ұйымдастырушыларының бірі болған.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысып келген.

- Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түскен. Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі - 212 млн теңге. Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ол Астана қаласына жеткізіліп, қамауға алынды, - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.