25-26 қазан аралығында Қырғызстанда өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Еуразиялық үкіметаралық кеңеске мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы кезінде ел астанасының білім мекемелері қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Қырғызстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Онлайн форматында оқыту сабақтарын өткізу туралы» бұйрық шығарды.
Оған сәйкес Бішкек қаласы мен Сокулук ауданындағы мектепке дейінгі, мектеп, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан 25-26 қазан күндері оқу сабақтарын онлайн форматта ұйымдастыруға міндетті.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.