- Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс форматын өзгертудеміз. Жаңа халықтың цифрлық кеңселерінде азаматтар қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы өз бетінше ала алады. Қажет болған жағдайда консультант көмектеседі. Қазір 4 өңірде 5 цифрлық кеңсе ашылды. Тағы 10 өңірде қаржыландыру мәселесі шешілді, - деді Ж.Мәдиев.
Оның айтуынша, әкімдіктер ғимараттарды дайындауды аяқтап, кеңселерді жыл соңына дейін ашу қажет. Қалған алты өңірде жұмысты жеделдетіп, қаржыландыруды қамтамасыз ету және кеңселердің ашылу күндерін нақты белгілеу қажет. Жаңа форматтағы қызметтер барлық өңірде қолжетімді болуы тиіс.
Айта кетейік, жақында QazTech, Ұлттық ЖИ платформасы және Digital Qazaqstan туралы жазған едік.