Халықты жұмыспен қамтитын мекеме басшылары пара алды деген күдікке ілінді

Фото: Фото: Видеодан скриншот

АСТАНА. KAZINFORM — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ ЖҚД бірлесіп Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ РМК басшыларының бірнеше рет пара алу әрекетін әшкереледі.

Бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы — құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдікке ілінді.

— Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, — делінген Антикор таратқан хабарламада.

Бұдан бұрын Антикор Қазақстанның туризм саласындағы сыбайлас жемқорлықты тексеретіні хабарланды.

Сондай-ақ, сот сыбайлас жемқорлық дерегіне қатысы бар Алматы облысындағы түрменің бұрынғы бастығына үкім кескенін жаздық.