«Әлеуметтік кодекске көп өзгерістер дайындап отырмыз. Қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін 37 жоба іске асырудамыз. Біріншіден мүгедектігі бар азаматтардың жағдайын жақсарту және құқықтарын қорғау. Әлеуметтік мекемелердің жұмысында біраз наразылық болды. Сол бағыттарда жұмыс істейміз», - деді министр Jibek joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасында.
Сонымен бірге, С. Жақыпова министрлікте не өзгерткісі келетінін айтып берді.
«Министрліктің ішіндегі өз әріптетерімнің көзқарасын өзгерткім келеді. Қазір министрлікте көп жүйелі проблемалар бар. Халық жағдайын жақсартқысы келетін 37 жобаны көрсеткенде, кей әріптестеріміздің өзі сенімсіз қарайды. Мұндағы әр жоба әр қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттырады. Тек қана менің пікірім емес, басқа әріптестерімнің де пікірі солай. Біз кез келген қиын жағдайда шешім қабылдаймыз. Сол шешімдер ертеңгі күні азаматтарға мүлдем басқаша әсер етеді. Біздің салада микромодельдеу, актуалды есептер жасалмаған. Сондықтан, салық жүйесін, экономика жүйесін келістіріп, арнайы модель жасауымыз керек. Сонда бір шешімді қабылдау үшін бір өзгерісті енгізгенде 30 жылда қандай жағдай болатынын көрсететін жүйе болады», - деп түсіндірді Еңбек министрі.
Бұған дейін С. Жақыпова Қазақстанда биыл өндірістік қауіпсіздіктің сақталмауынан 221 адам көз жұмғанын айтқан еді.
Сондай-ақ, спикер еңбек инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыру жолдарын айтты.