Халил Рахма: Қанат Исламның стилі Головкинге емес, Шүменовке ұқсас

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxing News журналының шолушысы Халил Рахма қазақстандық боксшы Қанат Исламның техникасын отандастары Геннадий Головкинмен және Бейбіт Шүменовпен салыстырды, деп жазады Sports.kz.

«Қанат Исламды көбіне Головкинмен салыстырады. Олардың техникалары әр түрлі ғой. Қанаттың стилі Шүменовпен бірдей», - деп жазды Рахма өзінің Твиттердегі парақшасына.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам өзінің соңғы жекпе-жегінде колумбиялық боксшы Хуан де Анхельді алтыншы раундта нокаутқа жіберген еді.