Жексенбіге қараған түнде чемпионатта үшінші орын үшін өткен матчте бразилиялық футболшылар Нидерландыға 0:3 есебімен есе жіберді. Бұның алдында жартылай финалдық кездесуде Германия командасы Бразилия құрамасын 1:7 есебімен ойсырата жеңген болатын.
«Біріншіден, осы екі матч үшін кешірім сұрағым келеді. Бұл жеңілістер өте ауыр тиді. Алайда біз ер азаматқа тән мінез көрсетіп, жіберіп алған қателіктерге жауапкершілікті өз мойынымызға алуымыз керек. Әзірге, өткен ойындар бойынша мен ешқандай түсінік бере алмаймын. Әлем чемпионатында 1:7, кейін 0:3 есебімен ұтылатындығымызды ешкім күткен жоқ», - деді Халк.
Айта кетейік, Рио-де-Жанейродағы танымал «Маракана» стадионында бүгін әлем чемпионатының ақтық сайысы өтеді. Онда Германия мен Аргентина құрамалары бәсекеге түседі.