Халқы аз ауылдардың тұрғындарын ұялы байланыспен қамтудың күні жақын

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ұялы байланыс операторлары жұмысының тиімділігін арттыратын норма заңнамамен бекітілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Байланыс саласында бірқатар өзгерістер жоспарланып отыр. Осы орайда олардың біреуіне тоқталғым келеді. Ұялы байланыс операторлары жыл сайын өздерінің қызмет көрсететін аумағын кеңейтіп келеді. Алайда елімізде халқының саны аз елді мекендер де бар және бұл жерлерде бірнеше жүздеген тұрғындар өмір сүруде»,-деп тоқталды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында Парламент қарауына енгізілген заң жобасының нормаларын түсіндіруге арналған видеода.

Бұл тұрғыда министр аталған шағын ауылдарда операторларға қызмет көрсету тиімсіз екенін айта келе, алайда мемлекет алдында ауыл тұрғындары үшін бәсекелестік таңдауды ұсына отырып, ұялы байланыс қызметтерін пайдалану мүмкіндігін жасау мақсаты тұрғанын жеткізді.

«Бұл үдерісті жылдамдату үшін Қазақстандағы төрт ұялы байланыс операторларына бір стансаны қою мүмкіндігін береміз, яғни осы стансаны бірден бірнеше оператор пайдалана алады. Ал оны орналастыру кезіндегі шығындарды операторлар өзара шешеді. Ең бастысы - заңнамалық тұрғыда операторларға желілерді бірлесе пайдалануға жағдай туғызу. Бұдан бұрын олар осындай қадамдарды жасай алмайтын еді»,-деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар