Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Сіздердің әрқайсыларыңыз, еңбектеріңіз тәуелсіздіктің тұғырын нығайту жолында маған ересен күш-қуат берді. Риясыз сенімдеріңіз бен шексіз қолдауларыңыз елім үшін түн қатып, түс қашқан қиын күндерде маған үлкен тірек болды. Мен 25 жыл бұрын 1991 жылғы 10 желтоқсанда ҚР Президенті қызметіне ресми кірісер сәтте айтқан сөзім бар еді. «Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да тәуекел деп, бас тігуге дайынмын», дегенмін. 25 жыл өткеннен кейінгі Тәуелсіздіктің ұлы тойында осы сөзімді сол күйінде қайталағым келіп отыр", - деді Президент.
Елбасы туып-өскен Қазақстанымызға қалтқысыз қызмет етуден артық ешқандай бақыт жоқ екендігін баса айтты.