АСТАНА. ҚазАқпарат - Күн шығыс елінде табиғат тосын мінезін танытып, толассыз жауған нөсер жаңбыр мен «Халон» тайфуны қауіп төндіре бастады. Осыған байланысты, Жапонияның оңтүстігіндегі 140 мың тұрғынды қазір қауіпсіз жерге көшіру қолға алынды. Жапон әуежайларындағы 360 рейс тоқтатылды, деп хабарлады Росбалт.
Тайфунға байланысты Кюсю және Сикоку және Хонсю аралындағы Кинки ауданында дауылға дайын болу үшін ескерту жарияланды.
Синоптиктердің болжауынша, Кюсю аралының оңтүстік шығысында жүріп өткен «Халон» дауылы бүгін кешке Сикоку аралына жақындайды. Жексенбі күні күн шығыс елінің басым бөлігінде жүріп өтуі мүмкін.