Халық алдында тағы екі министр есеп береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада екі министр xалық алдында есеп береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутованың айтуынша, бүгін түстен кейін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов есеп береді.

«Ал ертең, 27 маусым күні ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өз есебін ұсынады», - деді Лоскутова бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, министрлердің xалық алдында есеп беру кездесулері «Қазмедиа» орталығының концерт залында өтіп жүр. Бұған дейін ол жерде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев есеп берді.

Бұл кездесуге кез келген адам келіп, көкейінде жүрген сұрақтарын қоя алады.