Халық арасында «Депутаттық үй» аталып кеткен «Нұрсая-2» тұрғын үйі маусым айында тапсырылады

СТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Халық арасында «Депутаттық үй» аталып кеткен «Нұрсая-2» тұрғын үй кешені биыл маусым айында пайдалануға беріледі.

Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің Астанадағы құрылыс нысандары мәселелеріне арналған көшпелі кеңесінде «Жаңа құрылыс» ЖШС директоры Гүлнәр Ыбрайымбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кешеннің құрылысы 2009 жылдың мамыр айында басталды. 2010 жылдың маусым айында пайдалануға берілгенімен, жұмыстардың барлығы шілденің 1-іне қарай толықтай аяқталады», дейді Г. Ыбрайымбаева.

Қазіргі уақытта нысанның ішкі және сыртқы құрылыстары жүргізілуде. Инженерлік, кәріздік жүйелері тартылуда.

Кеңес барысында мәлім болғанындай, биыл Астанада 61 нысанды аяқтау жоспарланған. «Ал маусым айына дейін 28 құрылыс кешені бітеді», дейді қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов.