— Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы Halyk Bank акционерлік қоғамына «Click» акционерлік қоғамының (Өзбекстан Республикасы) капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру туралы» 29.09.2025 жылғы № 63 қаулыны қабылдады, — делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарламасында.
Айта кетелік Ұлттық банк наурызда қаржы нарығы неге жиі құбылғанын түсіндірген еді. Сонымен қатар Қаржы агенттігі банк секторын климаттық стресс-тестілеуден өткізген еді. Сондай-ақ Қаржы агенттігі борыш жүктемесін азайтуға бағытталған жаңа қаулы жобасын ұсынған еді.