Жаңа технология 3D Secure бағдарламасына қатысушы төлем карточкасын иеленушілерге Интернет желісінде есеп айырысу қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
3D-Secure - бұл VISA (Verified by Visa жүйесі) және MasterCard (Secure Code жүйесі) халықаралық төлем жүйелерінің инновациялық технологиясы. Желіде есеп айырысу үшін карточканы пайдалану кезінде 3DS бағдарламасына қатысушы клиенттің мәліметтері эмитент-банктің серверіне жөнелтілетін болады, одан әрі бұл сервер қосымша 3-DS-паролі бойынша карточка иесіне сәйкестендіру жүргізеді.
Осы аталған жаңа технологияға көшуге байланысты www.pcentre.kz сайтынан Интернет арқылы темір жол билеттерін сатып алу біршама өзгертілген. Мәселен www.pcentre.kz бетінде «Сатып алу» деген батырманы басқаннан кейін, тіркелген клиенттің карточкадағы мәліметтерін (клиенттің аты, карточка нөмірі, expire date, cvv2/cvc2 және транзакция нәтижесін жөнелту үшін пошталық мекен-жайы) енгізу үшін эквайер-банктің (Халық Банкі) сайтына жөнелтіледі.
Егер клиент 3D Secure бағдарламасына қатысушы болса, оған арнайы жолда 3D Secure - паролін енгізу ұсынылады.
Авторизация сәтті жүргізілген жағдайда экранда электрондық чектің көрінісі пайда болады, онда жүргізілген операция туралы ақпарат беріледі.
Жіберілетін мәліметтердің барлығы SSL қауіпсіздік хаттамасын пайдалану арқылы қорғалған.