«Бұл келісім тұрақты және өзге де мақұлдауға алынып, халықаралық практикаға сәйкес басқа да жағдайларды орындауға жол ашады, бұған 2014 жылдың ішінде қол жеткізілмек», - делінген таратылған хабарламада.
Аталған мәміле «Халық банкі» АҚ-ға Қазақстанның банктік нарығында өзінің көшбасшылық ұстанымын нығайтып, ірі ұлттық компаниялар мен ҚР-да жұмыс істейтін шетелдік компаниялар арасында бөлшек сауда сегментінде жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік береді.
«HSBC Қазақстан банкі» АҚ біздің еліміздің нарығында 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сүйенсек, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша компания 187 млрд. теңгеден астам активтерімен және 26 млрд. теңгеден астам жеке капиталымен екінші деңгейлі банктер арасында 17-ші орынды иеленген.