Халық банкі өз клиенттерінің карталарын бұғаттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халық банкі өзінің кейбір клиенттерінің карталарын бұғаттайды. Карталарының бұғатталғаны туралы пайдаланушылар қаражатты ала алмаған кезде немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысқан кезде біле алады, деп жазады kazpravda.kz.

Банк қызметкері карточка ұстаушылардың біріне телефон арқылы оның төлем құралы автоматты түрде бұғатталғанын хабарлаған, себебі алаяқтық операция жасалуы мүмкін болған. Оның айтуынша, алаяқтар банкоматтарда «оқитын құрылғы» пайдалануы мүмкін.

Банкте карточканы қайта ашуға болатынын атап өтті. Бұның жауапкершілігін әрине, клиент өзі көтеретін болады. Ал жаңа картаны ұстаушының өтініші бойынша 10-12 күнде алуға болады.

Қаржы мекемесінің өкілі сол және басқа да себептермен көптеген пайдаланушылардың карталары бұғатталғанын мәлімдеді.

Басылым атап өткендей, әңгіме скимминг деген алаяқтықтың түрі жайында. Қаскүнемдер банкоматқа бейне камерамен оқитын құрылғы орнатып қояды да жалған төлем карталарын қолдан дайындайды.