«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің жобасы бірінші оқылымда мақұлданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталмыш құжат денсаулық сақтау саласында жүргізілетін реформаларға құқықтық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған. Кодекс ұлттық медицинаның мәртебесін көтеріп, денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы кодификациялауды және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді қарастырады. Бұған қоса заң жобасында азаматтарға сапалы медициналық қызмет көрсету, қоғамның денсаулық пен денсаулық сақтау саласына дұрыс көзқарас қалыптастыруын қарастыратын баптар бар. Отырыс барысында құжатты бірінші оқылымда мақұлдаған сенаторлар оны екінші оқылымда қарауға дайындауға Бас комитетке тапсырды.