ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Хайдаровтың айтуынша, дауыс беру барысы өзі тіркелген Орал қаласындағы референдум учаскесінде қалыпты өтуде.
«Мұндағы учаскеде жұмыс жақсы ұйымдастырылған. Дауыс берушілердің қарасы қалың. Адамдар емін-еркін өз таңдауын жасауда. Соның ішінде студент жастар да жауапкершілікті сезініп, келіп жатыр. Жай музыка ойнап тұр, мерекедегідей көңіл-күй байқалады», - деді Е.Хайдаров.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).