«Бізге прокурорлық тексеріс келді, біз РФ ӘҚтК 6.2 бабы (халық емшілігімен заңсыз айналысу) бойынша әкімшілік құқықбұзушылқы туралы хаттама толтырып, оны Пермь қаласының Дзержинский ауданы бойынша сотқа жолдадық», деді Пермь өлкесі бойынша Ресей денсаулық сақтауды қадағалау ведомствосынан. Аталмыш бап бойынша 2 мыңнан 4 мыңға дейін айыппұл салу көзделген. Айта кетейік, 1989 жылы «Дәрігер-психотерапевт Анатолий Кашпировскийдің денсаулық сеанстары» телевизиялық бағдарламасының арқасында танымал болған психотерапевт Пермь қаласындағы мәдени-іскерлік орталықта психоанализ сеанстарын өткізіп, емдейді деген желеумен әрқайсысын 500 рубльден дискілер мен фотосуреттер сатқан. 2006 жылы Кашпировский Челябі қаласында әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Челябі мемлекеттік медициналық академиясының мамандарының қорытындысы бойынша, «емші» адамның психикалық және физикалық саулығына теріс әсерін тигізетін гипноз әдістерін қолданған.
22:16, 06 Шілде 2015
Халық емшілігімен заңсыз айналысқаны үшін А.Кашпировский сот алдында жауап береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Пермь қаласында психотерапевт Анатолий Кашпировский халық емшілігімен заңсыз айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылмақ, деп хабарлайды ТАСС.