Халық қаһарманы Р.Қошқарбаевтың Рейхстагқа тіккен туы Қазақстанға әкелінді

АСТАНА. Мамырдың 5-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ұлы Отан соғысына қатысқан белгілі қазақ жауынгері, Халық каһарманы Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа тіккен тудың түпнұсқасы Қазақстанға әкелінді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған орай бүгін Еуразия ұлттық университетінде салтанатты іс-шара өтеді. Профессор Зиябек Қабылдиновтың айтуынша, тудың түпнұсқасы генерал-майор, Ауған соғысының ардагері Серікқали Мұқановтың тікелей араласуымен Ресейден әкелініп отыр. «Бүгін Еуразия ұлттық университетінде өтетін ғылыми кеңесте осы Ұлы Жеңістің туы таныстырылып, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына тапсырылатын болады», - дейді З. Қабылдинов.

Айта кетейік, 1945 жылы сәуірдің 30-ы күні сағат 14:29-да Ақмола облысының тумасы кіші лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен ресейлік Григорий Булатов Рейхстагтың төбесіне Кеңес әскерінің алқызыл туын тіккен болатын. Бұл Ұлы Жеңісті айғақтаған тарихи сәт еді.