«Халықтың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуы бойынша бюджеттеудің жаңа практикаларын қолдану мақсатында нормативтік құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізілетін болады. Бұл «халық қатысатын бюджеттің» ауқымын аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарға кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді ол.
Вице-министрдің атап өтуінше, өз кезегінде, халықты бюджеттік шешімдер қабылдау процесіне тарту процестің ашықтығын қамтамасыз етеді. Азаматтардың жергілікті билікке сенімін нығайтады.
«Сонымен қатар халықтың хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттырады. Инфрақұрылым объектілерінің сапасы мен ұқыпты пайдаланылуы үшін ортақ жауапкершілікті қамтамасыз етеді», - деді Ержан Біржанов.