Халық Қазақстанның жеткен жетiстiктерiне жауапты екендiктерiн ұқты - Әдiл Қаукенов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халық Қазақстанның жеткен жетiстiктерiне жауапты екендiктерiн ұқты. Бұл туралы бүгiн exit-poll нәтижелерiнен кейiн тiлшiлерге берген сұхбатында саясаттанушы, тәуелсiз сарапшы Әдiл Қаукенов мәлiм еттi.

Оның атап көрсеткенiндей, сайлау мемлекеттiң жеткен жетiстiктерiн бекiтудiң құралы екендiгiн сезiнедi және оны демократиялық негiзде нақтылаудың жолы деп түсiнедi.

«Биыл Қазақстанда кезектен тыс президенттiк сайлауда сайлаушылар өте жоғары белсендiлiк көрсеттi. Бұл болжанған да болатын. Қазақстандық қоғам жоғары даму кезеңiнде тұр. Бұл даму қоғамның әрбiр мүшесiне шын жетiстiктер әкелуде. Барлығы оны қатты бағалайды. Қазақстандықтар қолда бар әлеуеттi жоғалтқылары келмейдi. Сондықтан сайлауда дауыс беру мүмкiндiгiн құр жiбергiсi келмедi. Мемлекет алдағы дамуына үлес қоспақ болды. Көпшiлiгi өз таңдауын жасады. Бұл көрсеткiш қазақстандық қоғамның демократиялық iлгерілеуiнiң арқасында да мүмкiн болды. Қазақстанда шынымен қоғам есейдi. Дамудың, қалыптасудың көптеген сатыларынан, кезеңдерiнен өттi және бүгiнде жетiлген қоғам кейпiнде көрiндi. Бұл қоғам естi және дұрыс шешiм жасауға дайын болды. Сонымен қатар, айта кету керек, Қазақстанның қарқынды дамуы, қол жеткiзген тұрақтылық, Астанамыздың және өзге де облыстардың дамуы сынды жетiстiктер - жұрт құптайтын құндылыққа айналды. Азаматтық қоғам осылардың барлығына өзiнiң жауапты екендiгiн сезiндi», - деп атап өттi ол.

«Бүгiн мен де барлық қазақстандықтар сияқты дауыс беруге бардым. Ұзын кезекте тұрдым. Шынымен көңiлдi, қызық өттi. Кезек күту әдетте көңiл күйге терiс әсер етедi, бiрақ бұл жолы емес. Нағыз қазақстандық рухта сайлау барысы өте керемет өттi», - дедi Әдiл Қаукенов.