«Халық қызметшісі» партиясының басшысы Жоғарғы Раданың төрағасы болды

КИЕВ. Укринформ-ҚазАқпарат – Халық депутаты, ««Халық қызметшісі» партиясының басшысы Дмитрий Разумков Жоғарғы Раданың Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Укринформ.

Бұл шешімді 382 халық депутаты қолдады.

Сайлау сессиялық залда ашық процедура бойынша өтті.